Буманы сканерлеу

Жеке бумаларды сканерлеу бүкіл файлдық жүйені сканерлеуден жылдамырақ, сондықтан файлдық жүйенің тек белгілі бір бөлігі туралы ақпарат қажет болса, олар тиімдірек болуы мүмкін.

  1. Негізгі терезенің жоғарғы оң жағындағы батырманы басып, Буманы сканерлеу… тармағын таңдаңыз.

  2. Файлды таңдау сұхбат терезесі ашылады. Сканерлегіңіз келетін буманы таңдаңыз.

  3. Сканерлеуді бастау үшін Ашу батырмасын шертіңіз.

Жаңа ғана сканерленген бума енді Құрылғылар және орындар тізіміне қосылады. Егер буманың аты өзгертілсе немесе өшірілсе, Дискіні пайдалануды талдаушы қолданбасын келесі рет іске қосқанда ол тізімнен алынып тасталады.