Файлдық жүйені сканерлеу

Компьютеріңізді сканерлеу үшін Құрылғылар және орындар тізімінен компьютеріңіздің атын таңдаңыз. Компьютеріңізде қол жеткізуге рұқсатыңыз бар барлық бумалар сканерленеді. Компьютеріңіздегі кейбір бумаларды сканерлеуге рұқсаттың болмауы әбден мүмкін.

Егер сіз сканерлегіңіз келетін файлдық жүйе үлкен болса, сканерлеудің аяқталуы бірнеше минут алуы мүмкін. Сканерлеуден бас тарту үшін экранның жоғарғы сол жақ бұрышындағы құрылғылар тізіміне қайту батырмасын басыңыз.