Қашықтағы буманы сканерлеу
Дискіні пайдалануды талдаушы қашықтан қол жетімді сақтау құрылғыларын сканерлей алады. Бүкіл файлдық жүйені немесе кез келген нақты буманы қашықтан сканерлеу үшін:
Егер сіз бұрын қашықтағы файлдық жүйені сканерлеген болсаңыз, оны Құрылғылар және орындар тізіміндегі Қашықтағы орындар бөлімінен таңдаңыз.
Егер сіз бұрын қашықтағы файлдық жүйеге қосылған болсаңыз, бірақ оны сканерлемеген болсаңыз, тізімнен қашықтағы файлдық жүйені таңдаңыз.
-
Егер сіз бұрын қашықтағы файлдық жүйеге қосылмаған болсаңыз, Серверге қосылу бөліміндегі Сервер адресін енгізіңіз… өрісіне URL-ді енгізіңіз. Ол әдетте протоколдан, одан кейін қос нүкте мен екі қиғаш сызықтан тұрады және сіз пайдаланып жатқан протоколға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Жалғастыру үшін Қосылу батырмасын шертіңіз; сканерлеу басталмас бұрын сізден пароль және пайдаланушы аты сияқты қосымша мәліметтер сұралуы мүмкін.
Егер бүкіл файлдық жүйені сканерлегіңіз келмесе, буманы таңдаңыз.
Жалғастыру үшін Ашу батырмасын шертіңіз.
Желі арқылы сканерлеу жергілікті файлдық жүйені сканерлеуден баяуырақ болуы мүмкін.