Үй бумаңызды сканерлеу

Пайдаланушылардың көпшілігінде файлдардың көп бөлігі Үй бумасында орналасады, себебі әдепкі баптаулар көбінесе файлдарды оның ішіндегі ішкі бумаларға сақтауға немесе көшіруге арналған. Бұған интернеттен жүктеп алынған файлдар, сіз жұмыс істейтін құжаттар және камерадан алынған фотосуреттер жатады. Әдетте, компьютердегі әрбір пайдаланушы үшін бір Үй бумасы болады.

  1. Құрылғылар және орындар тізімінен Үй бумасын таңдаңыз.