Сканерлеу кезіндегі қате

Сканерлеу кезінде Дискіні пайдалануды талдаушы терезесінің жоғарғы жағында «/… немесе оның ішіндегі кейбір бумаларды сканерлеу мүмкін емес» деген хабарламаны көруіңіз мүмкін. Бұл қате нысаналы жүйеде орнатылған шектеулерге байланысты кейбір файлдарға қол жеткізу үшін қажетті рұқсаттарыңыз болмағандықтан пайда болады. Сіз қол жеткізе алмайтын файлдар дискінің пайдаланылуын көрсететін диаграмманы есептеу үшін пайдаланылмайды, сондықтан алынған нәтиже қате болуы мүмкін.

Барлық файлдар мен бумаларға қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы қалыпты жағдай, сондықтан бұл қатеге қатысты ештеңе істей алмайсыз.

Дискіні пайдалануды талдаушы сақтау орнының пайдаланылуын егжей-тегжейлі көрсету үшін du командасын пайдаланады және ол үшін файлдарды оқуға және бумаларды орындауға рұқсат қажет.

Екінші жағынан, файлдық жүйенің дискіні пайдалануы df командасын пайдаланады, ол файл рұқсаттарына емес, файлдық жүйеге негізделген.