Диаграммалардың әртүрлі түрлері
Әдетте, сканерлеу нәтижелерінде әрбір ішкі бума тиісті буманың өлшеміне пропорционалды бұрышты қамтитын сақинаның бөлігі ретінде көрсетіледі. Ішкі бумалар ішкі сақинаның айналасындағы қосымша қабаттар ретінде әртүрлі түстермен көрсетіледі.
Тышқан курсорын сақиналы диаграмманың үстіне апару бума мен ішкі бумалар туралы көбірек мәліметтерді көрсетеді.
Диаграмманың көрінісін оның төменгі оң жақ бөлігіндегі батырмалардың көмегімен Иерархиялық диаграммаға ауыстыруға болады. Иерархиялық жайма бумаларды пропорционалды өлшемдегі шаршылар ретінде көрсетеді.
Сондай-ақ диаграмманың бастапқы нүктесі ету үшін сақинаны немесе шаршыны шертуге болады.