Кіріспе

Дискіні пайдалануды талдаушы — сақтау құрылғыларының пайдаланылуын талдауға арналған графикалық қолданба. Оны бірнеше жергілікті немесе қашықтағы сақтау құрылғыларын, соның ішінде қатты дискілерді, SSD-лерді, USB флешкаларын, цифрлық камераларды және жад карталарын сканерлеу үшін пайдалануға болады. Дискіні пайдалануды талдаушы бүкіл файлдық жүйені, сіздің Үй бумаңызды, көрсетілген буманы немесе қашықтағы буманы сканерлей алады.

Нәтижелер орын босату үшін қай бумаларды архивтеуге, өшіруге немесе жылжытуға болатынын шешуде пайдалы болуы мүмкін. Сондай-ақ нәтижелерді белгілі бір бумалардың резервтік көшірмесі үшін қанша орын қажет болатынын есептеу үшін пайдалануға болады.