Баптауларды NFS арқылы сақтау

Желілік файлдық жүйені (NFS) үй бумалары ретінде пайдаланған кезде dconf дұрыс жұмыс істеуі үшін dconf кілттік файлдың бэкендін (keyfile back end) пайдалану керек.

  1. Әрбір клиентте /etc/dconf/profile/user файлын жасаңыз немесе түзетіңіз.

  2. Осы файлдың ең басына келесі жолды қосыңыз:

    service-db:keyfile/user

dconf кілттік файлдың бэкенді пайдаланушы келесі рет жүйеге кіргенде ғана іске қосылады. Ол жаңартулардың бар-жоғын білу үшін кілттік файлды сұрап тұрады, сондықтан баптаулар бірден жаңартылмауы мүмкін.

Егер кілттік файлдың бэкенді пайдаланылмаса, пайдаланушы баптаулары дұрыс алынбауы немесе жаңартылмауы мүмкін.