Бумаларды салыстыруды бастау
Meld екі немесе үш буманы қатар салыстыруға мүмкіндік береді. Құралдар тақтасындағы жаңа салыстыру батырмасын пайдаланып және Бумаларды салыстыру бетін шерту арқылы жаңа бума салыстыруын бастауға болады.
Сіз таңдаған бумалар қатар орналасқан ағаш құрылымы ретінде көрсетіледі, әр бумадағы файлдар арасындағы айырмашылықтар түспен ерекшеленеді. Кез келген бумадан файлдарды көшіруге немесе өшіруге, немесе жеке мәтіндік файлдарды егжей-тегжейлі салыстыруға болады.
Бумаларды салыстыру көрінісі
Буманы салыстырудың негізгі бөліктері — сіз салыстырып жатқан бумаларды көрсететін ағаш құрылымдары. Сізді қызықтыратын өзгерістерді табу үшін осы салыстырулар бойынша оңай жылжи аласыз. Файлды немесе буманы таңдағанда, терезенің төменгі жағындағы қалып-күй жолағында егжей-тегжейлі ақпарат беріледі. Таңдалған файлда Enter пернесін басу немесе ағаш құрылымындағы кез келген файлды екі рет шерту жаңа бетте файлдардың қатар орналасқан файлдарын салыстыруын ашады, бірақ бұл тек мәтіндік файлдар болса ғана дұрыс жұмыс істейді!
Терезенің оң жағында салыстыру нәтижелерінің қарапайым түрлі-түсті жиынтық кескінін көрсететін жолақтар бар. Салыстырудағы әрбір файл немесе бума осы жолақтардың шағын бөліміне сәйкес келеді, бірақ маңызды айырмашылықтарды көруді жеңілдету үшін Meld Бірдей файлдарды көрсетпейді. Салыстырудағы сол орынға тікелей өту үшін осы жолақтың кез келген жерін шертуге болады.
Бума салыстыруларындағы күйлер
Ағаш құрылымындағы әрбір файлдың немесе буманың өз күйі болады, ол оның сәйкес файлдарынан/бумаларынан қалай ерекшеленетінін айтады. Ықтимал күйлер:
Бумаларды салыстыру күйлері
Күйі |
Сыртқы түрі |
Мағынасы |
Бірдей |
Қалыпты қаріп |
Файл/бума барлық салыстырылатын бумаларда бірдей. |
Сүзгілегенде бірдей |
Курсив |
Бұл файлдар бумалар бойынша әртүрлі, бірақ мәтіндік сүзгілер іске асырылғаннан кейін бұл файлдар бірдей болады. |
Өзгертілген |
Көк және жуан |
Бұл файлдар салыстырылып жатқан бумалар арасында ерекшеленеді. |
Жаңа |
Жасыл және жуан |
Бұл файл/бума осы бумада бар, бірақ басқаларында жоқ. |
Жоқ |
Ортасы сызылған сұр мәтін |
Бұл файл/бума осы бумада жоқ, бірақ басқаларының біреуінде бар. |
Қате |
Сары фонды ашық қызыл және жуан |
Бұл файлды салыстыру кезінде қате орын алды. Қатенің ең көп таралған себептері — файл рұқсаттары (яғни, Meld-ке файлды ашуға рұқсат берілмеді) және файл атының кодталу қателері. |
Файлдарды осы күйлер негізінде сүзгілеуге болады, мысалы, тек Өзгертілген файлдарды көрсету үшін. Бұл туралы толығырақ Файл айырмашылықтарын сүзгілеу бөлімінен оқи аласыз.
Кейбір жолдардағы таңбашаларға қосымша ақпаратты көрсету үшін эмблемалар қосылған. Бұл таңбашалар белгішелер темасына байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз, сондықтан бұл сипаттамалар тек нұсқаулық болып табылады.
Қосымша эмблемалар
Эмблема |
Сыртқы түрі |
Мағынасы |
Жаңа |
Кішкентай көк нүкте |
Жолдағы «ең жаңа» (яғни, ең соңғы өзгертілген) файлды көрсету үшін қолданылады |
Символдық сілтеме |
Бағдарша |
Жолдағы элемент символдық сілтеме екенін көрсетеді |
Таңдалған |
Құсбелгі |
Белгіленген салыстыру үшін файл таңдалғанын көрсетеді, бумалар бойынша әртүрлі аталған файлдарды салыстыру үшін қолданылады |