Өзгерістермен жұмыс істеу
Meld файлдар арасындағы айырмашылықтарды өзгеріс блоктары немесе жай ғана өзгерістер тізімі ретінде өңдейді. Әрбір өзгеріс — файлдар арасында сәйкес келетін жолдар тобы. Әдетте сізді осы өзгерістер қызықтыратындықтан, Meld осы өзгерістер арасында ауысуға және оларды түзетуге арналған арнайы саймандарды ұсынады. Бұл саймандарды Өзгерістер мәзірінен таба аласыз.
Өзгерістерді өзгерту
Мәтіндік файлдарды тікелей түзетумен қатар, Meld файлдар арасындағы жеке айырмашылықтарды жылжытуға, көшіруге немесе өшіруге арналған саймандарды ұсынады. Екі файл арасындағы жолақ екі файлдың қай бөліктері сәйкес келетінін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар әрбір өзгерістің басындағы бағдарша немесе крест таңбашаларын шерту арқылы өзгешеленетін өзгерістерді таңдап біріктіруге немесе өшіруге мүмкіндік береді.
Бастапқы әрекет — алмастыру. Бұл әрекет сәйкес өзгерістің мазмұнын ағымдағы өзгеріспен алмастырады.
Ағымдағы әрекетті өшіру күйіне ауыстыру үшін Shift пернесін басып тұрыңыз. Бұл әрекет ағымдағы өзгерісті өшіреді.
Ағымдағы әрекетті кірістіру күйіне ауыстыру үшін Ctrl пернесін басып тұрыңыз. Бұл әрекет ағымдағы өзгерісті сәйкес өзгерістің үстіне немесе астына (таңдау бойынша) кірістіреді.