Нұсқалары басқарылатын файлдарды қарау
Meld жергілікті өзгерістерді қарап шығуға және нұсқаларды басқарудың қарапайым тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беру үшін көптеген нұсқаларды басқару жүйелерімен біріктірілген. Құралдар тақтасындағы жаңа салыстыру батырмасын пайдаланып және Нұсқаларды басқару бетін шерту арқылы жаңа нұсқаларды басқару салыстыруын бастауға болады.
Нұсқаларды басқару салыстырулары
Нұсқаларды басқару салыстырулары бумаңыздың мазмұны мен ағымдағы репозиторий нұсқасы арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Жергілікті көшірмеңіздегі әрбір файлдың репозиторий көшірмесінен қалай ерекшеленетінін көрсететін күйі болады.
Егер белгілі бір файлдың айырмашылықтарын көргіңіз келсе, оны таңдап, Enter пернесін басуға немесе файл салыстыруын бастау үшін файлды екі рет шертуге болады. Сондай-ақ Өзгерістер мәзірін пайдаланып нұсқаларды басқару жүйесімен әрекеттесуге болады.
Нұсқаларды басқару күйлері
Нұсқаларды басқару салыстыруындағы әрбір файлдың немесе буманың нұсқаларды басқару жүйесінің өзінен алынған күйі болады. Meld бұл әртүрлі күйлерді өте ұқсас концепциялардың стандартты жиынтығына сәйкестендіреді. Осылайша, Meld күйлер үшін нұсқаларды басқару жүйесіне қарағанда сәл өзгеше атауларды қолдануы мүмкін. Ықтимал күйлер:
Нұсқаларды басқару күйлері
Күйі |
Сыртқы түрі |
Мағынасы |
Бірдей |
Қалыпты қаріп |
Файл/бума репозиторий нұсқасымен бірдей. |
Өзгертілген |
Қызыл және жуан |
Бұл файл репозиторий нұсқасынан өзгеше. |
Жаңа |
Жасыл және жуан |
Бұл файл/бума жаңа және репозиторийге қосылуға жоспарланған. |
Өшірілген |
Ортасы сызылған қызыл жуан мәтін |
Бұл файл/бума бұрын болған, бірақ репозиторийден өшірілуге жоспарланған. |
Қайшылық (Конфликт) |
Ашық қызыл жуан мәтін |
Репозиториймен біріктіруге тырысқанда, жергілікті файл мен репозиторий арасындағы айырмашылықтарды шешу мүмкін болмады және файл қазір репозиторий мазмұнымен қайшылықта |
Жоқ |
Ортасы сызылған көк жуан мәтін |
Бұл файл/бума болуы керек, бірақ жоқ. |
Ескерілмеген |
Сұр мәтін |
Бұл файл/бума нақты ескерілмеген (мысалы, .gitignore файлындағы жазба арқылы) және нұсқаларды басқару жүйесімен бақыланбайды. |
Нұсқасы жоқ |
Сұр мәтін |
Бұл файл нұсқаларды басқару жүйесінде жоқ; ол тек жергілікті көшірмеде бар. |
Қате |
Сары фонды ашық қызыл және жуан |
Нұсқаларды басқару жүйесі бұл файлда ақау бар екенін хабарлады. |
Нұсқаларды басқару күйін сүзгілеу
Көбінесе сіз тек қандай да бір жолмен ерекшеленетін файлдарды көргіңіз келеді; бұл Meld-тегі бастапқы баптау. Файл күйлерін құралдар тақтасындағы Нұсқалар сүзгілері батырмасын пайдаланып және Бумаларды жазық қылу тармағын таңдау арқылы, сондай-ақ құралдар тақтасындағы Өзгертілген, Қалыпты, Нұсқасы жоқ және Ескерілмеген батырмаларын таңдау арқылы өзгертуге болады.