Командалық жолдың қолданылуы
Егер Meld бағдарламасын командалық жолдан іске қоссаңыз, оған іске қосылған кезде не істеу керектігін айта аласыз.
Екі немесе үш жақты файлдарды салыстыру үшін Meld-ті тиісінше meld file1 file2 немесе meld file1 file2 file3 командасымен іске қосыңыз.
Екі немесе үш жақты бумаларды салыстыру үшін Meld-ті meld dir1 dir2 немесе meld dir1 dir2 dir3 командасымен іске қосыңыз.
Нұсқаларды басқаруды салыстыруды тек бір аргумент беру арқылы бастауға болады; егер сол файл немесе бума танылған нұсқаларды басқару жүйесімен басқарылса, ол сол аргумент бойынша нұсқаларды басқаруды салыстыруды бастайды. Мысалы, meld . командасы ағымдағы буманың нұсқаларды басқару көрінісін бастайды.
Барлық командалық жол опцияларының тізімін алу үшін meld --help командасын іске қосыңыз.