Meld дегеніміз не?

Meld — файлдар мен бумаларды салыстыруға және олардың арасындағы айырмашылықтарды жоюға арналған сайман. Ол сондай-ақ нұсқаларды басқару жүйелерімен түсірілген өзгерістерді салыстыру үшін де пайдалы.

Meld екі немесе үш файлдың (немесе екі немесе үш буманың) арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді және мазмұнды олардың арасында жылжытуға немесе файлдарды қолмен түзетуге мүмкіндік береді. Meld-тің басты мақсаты — әзірлеушілерге бастапқы код файлдарын салыстыруға және біріктіруге, сондай-ақ сүйікті нұсқаларды басқару жүйесіндегі өзгерістерге визуалды шолу жасауға көмектесу.