Жазық көрініс

Үлкен бумаларды қараған кезде, сізді буманың өзіндегі мыңдаған файлдардың ішінен тек бірнешеуі ғана қызықтыруы мүмкін. Осы себепті, Meld буманың жазық көрінісін қамтиды; тек сүзгіленбеген файлдар (мысалы, Нұсқаларды басқару күйін сүзгілеу арқылы) көрсетіледі және бума иерархиясы жойылып, файл жолдары Орналасуы бағанында көрсетіледі.

Жазық көріністі құралдар тақтасындағы Нұсқалар сүзгілері батырмасын пайдаланып және Бумаларды жазық қылу тармағын таңдау арқылы қосуға немесе өшіруге болады.