Өзгерістерді болдырмау, қайталау және олардан бас тарту
GNOME мәтін түзеткіші файлды түзету кезінде жасалған өзгерістерді автоматты түрде қадағалайды. Түзету кезінде өзгерістерді болдырмауға және қайталауға болады, бұл қателерді түзетуді жеңілдетеді.
Файл үшін қадағаланатын өзгерістер оны жапқаннан кейін немесе өзгерістерден бас тартқаннан кейін жоғалады.
Өзгерісті болдырмау немесе қайталау
Ctrl+Z пернелерін басу файлға жасалған соңғы өзгерісті болдырмайды. Бұл жарлықты қайталап қолдану өзгерістерді жасалған ретімен болдырмауды жалғастырады.
Ctrl+Shift+Z пернелерін басу файлдағы соңғы болдырмалған өзгерісті қайталайды. Бұл жарлықты қайталап қолдану өзгерістерді жасалған ретімен қайталауды жалғастырады.
Өзгерістерді тек алдыңғы өңдеу әрекеті болдырмау немесе қайталау болған жағдайда ғана қайталауға болады. Мысалы, өзгерісті болдырмағаннан кейін бірден файлға мәтін теру соңғы болдырмалған өзгерісті қайталауға кедергі жасайды.
Соңғы сақтаудан кейінгі барлық өзгерістерден бас тарту
Негізгі мәзір ▸ Өзгерістерден бас тарту соңғы сақталғаннан бері файлға жасалған барлық өзгерістерді біржола өшіреді.