Шимай қағаз бумасы

GNOME мәтін түзеткіші әрбір сақталмаған файлды автоматты түрде сақтайды. Бұл бума қолданба деректері бумасында (~/.local/share/gnome-text-editor немесе тиісті flatpak бумасында) орналасқан. Әдетте бұл бума туралы алаңдамауыңыз керек, себебі әрбір шимай қағаз файлына әрқашан Ашу мәзірі арқылы қол жеткізуге болады.

Шимай қағазды GNOME мәтін түзеткішінің тақырыбынан тануға болады. Егер ағымдағы құжатыңыз сақталмаған болса және шимай қағаз бумасында орналасса, 'Шимай қағаз' деген қосымша атау болады.