Іздеу және алмастыру
GNOME мәтін түзеткіші үлкен мәтіндік файлдардан нақты мәтін бөліктерін жылдам іздеуге мүмкіндік береді. Көбінесе бұл мәтін бөліктерін алмастыру да қажет болады.
Мәтінді іздеу
Іздеу панелін Негізгі мәзір ▸ Табу/Алмастыру... арқылы немесе Ctrl+F арқылы іске қосыңыз.
Іздеу шартын енгізу өрісіне қосыңыз.
Іздеу сіз терген кезде орындалады. Енді іздеу нәтижесін ↑ немесе ↓ арқылы немесе енгізу өрісінің жанындағы батырмалармен қайталауға болады.
Enter пернесін басу курсорды ағымдағы ерекшеленген іздеу нәтижесіне жылжытады.
Escape пернесін басу іздеу панелін және іздеу нәтижесін жабады.
Іздеу бойынша кеңестер мен айлалар
Сөзді жылдам іздеу үшін сөзді ерекшелеп, Ctrl+F басыңыз. Сөз автоматты түрде іздеу өрісіне енгізіледі.
-
Іздеуді тісті дөңгелек мәзіріндегі қосымша опциялармен нақтылауға болады.
Тек толық сөзді сәйкестендіру
Іздеу шарты ретінде тұрақты өрнектерді қолдану
Іздеу шартының регистрін ескеру
Мәтінді алмастыру
Іздеу панелін Негізгі мәзір ▸ Табу/Алмастыру... арқылы немесе Ctrl+H арқылы іске қосыңыз.
Егер сіз іздеу панелін Негізгі мәзір арқылы ашсаңыз, алмастыру функциясын іске қосу үшін батырманы шертуіңіз керек.
Алмастырылуы тиіс іздеу шартын енгізу өрісіне қосыңыз.
Алмастыратын сөзді екінші енгізу өрісіне қосыңыз.
Іздеу сіз терген кезде орындалады. Енді іздеу нәтижесін ↑ немесе ↓ арқылы немесе енгізу өрісінің жанындағы батырмалармен қайталауға болады.
Енді ағымдағы іздеу нәтижесін Алмастыру арқылы ғана немесе барлық кездесулерді Барлығын алмастыру арқылы алмастыруға болады.