Файлды ашу

GNOME мәтін түзеткішінде файлды ашу үшін жоғарғы колонтитулдағы Ашу батырмасын және Жаңа құжатты ашу немесе Ctrl+O жарлығын қолданыңыз.

Сұхбат терезесінде ашқыңыз келетін файл(дар)ды таңдап, Ашу батырмасын шертіңіз. Бірнеше файлды бірден ашу үшін таңдауға болады.

Файлды ашпай сұхбат терезесін жабу үшін Бас тарту батырмасын шертуге болады.

Аты бойынша ашу

Ашу қалқымалы мәзірінде іздеуге немесе жақында түзетілген файлдарды іздеу үшін Ctrl+K пернелерін басуға болады.