Пернетақта басқаруын баптау
Robots ойынындағы бастапқы басқару пернелерін өз қалауыңызша өзгертуге болады.
Бастапқы пернелерді өзгерту үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар тармағын таңдаңыз.
Пернетақта бетін таңдаңыз.
Тізімнен өзгерткіңіз келетін пернені таңдаңыз.
Екінші бағандағы элементті шертіңіз немесе Enter пернесін басыңыз. Ескі басқарудың орнына Жаңа үдеткіш… деген сөздер пайда болады.
-
Бастапқы перненің орнына қолданылатын пернені басыңыз.
Ескі параметрді сақтап қалу үшін Esc басыңыз.
Басқа да бастапқы пернелерді өзгерту үшін жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз.
Баптаулар сұхбат терезесін жабыңыз.
Басқару элементтерін әрқашан Бастапқы күйіне қайтару батырмасын шерту арқылы қалпына келтіре аласыз.