Ойынның бастапқы сыртқы түрін өзгерту

Ойын темасын және фонын өзгерту арқылы Robots фонын және ойындағы әртүрлі роботтарды өзгертуге болады.

Ойын темасы мен фонын өзгерту үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар тармағын таңдаңыз.

  2. Сыртқы түрі бетін таңдаңыз.

  3. Сурет темасы ашылмалы мәзірінен теманы таңдаңыз.

  4. Фон түсін өзгерту үшін Фон түсі қасындағы батырманы шертіңіз. Қолжетімді түстердің ішінен біреуін таңдап, Таңдау батырмасын шертіңіз.