Robots үшін тышқан және пернетақтамен басқару
Пернетақтамен басқару
Robots ішінде қозғалу үшін пернетақтаңыздың оң жақ шетіндегі сандық пернетақтаның келесі пернелерін қолданыңыз.
Мүмкін болатын жүрістер |
Перне |
Солтүстік-батыс |
y |
Солтүстік |
k |
Солтүстік-шығыс |
u |
Батыс |
h |
Шығыс |
l |
Оңтүстік-батыс |
b |
Оңтүстік |
j |
Оңтүстік-шығыс |
n |
Сол орында қалу (бір жүріс) |
Бос орын |
Қауіпсіз телепортация |
Alt+s |
Кездейсоқ телепортация |
Alt+r |
Роботтарды күту |
Alt+w |
Бастапқы басқаруды өз қалауыңызша өзгертуге болады.
Қозғалу үшін тышқанды қолдану
- Белгілі бір бағытта қозғалу
Тышқанды басты кейіпкердің айналасына апарған кезде, шерткен жағдайда кейіпкер қозғалатын бағытты көрсететін кішкентай қара бағдарша пайда болады. Мысалы, солтүстікке қозғалу үшін курсорды басты кейіпкердің үстіндегі бағанға апарсаңыз, солтүстікке бағытталған кішкентай қара бағдарша пайда болады. Шерткен кезде кейіпкер бір шаршы солтүстікке қарай жылжиды.
- Сол орында қалу
Сол шаршыда қалу үшін басты кейіпкердің үстінен шертіңіз.
- Роботтарды күту
Жау роботтарының барлық жүрістерін аяқтауын күту үшін Роботтарды күту батырмасын шертіңіз.
- Қауіпсіз телепортациялар
Қауіпсіз телепортация жасау үшін Қауіпсіз телепортация батырмасын шертіңіз.
- Кездейсоқ телепортациялар
Кездейсоқ жерге телепортация жасау үшін Кездейсоқ телепортация батырмасын шертіңіз.