Негізгі нұсқаулар

Жаңа ойынды бастау

Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Жаңа ойын тармағын таңдаңыз немесе жаңа ойынды бастау үшін Ctrl+N пернелерін басыңыз.

Дыбыстарды іске қосу

Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар тармағын таңдаңыз.

Содан кейін Ойын бетін таңдап, Дыбыстарды іске қосу құсбелгісін қойыңыз.

Robots ойынынан шығу

Атау жолағындағы жабу батырмасын басыңыз немесе Robots ойынынан кез келген уақытта шығу үшін Ctrl+Q пернелерін басыңыз.