Robots ойынындағы әртүрлі жүрістер
Robots ойынында сегіз бағыттың біріне қозғалуға, роботтарды күтуге немесе телепортация жасауға болады. Жау роботтары мен басты кейіпкер кезекпен жүреді. Сондықтан, әрбір жүрісіңізден кейін жау роботтары сізге жақындау үшін жүріс жасауға тырысады.
Негізгі жүрістер
Бір жүрісте кез келген көрші шаршыға жылжи аласыз. Диагональ бойынша да қозғалуға болады.
Күту
Бір орында тұрып, роботтардың барлық жүрістерін аяқтауын күтуге болады. Роботтар өте аз болмаса және олар сізге жетпес бұрын жойылатынына толық сенімді болмасаңыз, бұл ұсынылмайды.
Басқа орынға телепортация жасау
Егер ешқандай жүріс жасау мүмкін болмаса немесе шаршылап жүрудің орнына тақтаның арғы бетіне секіргіңіз келсе, телепортация жасауға болады. Телепортацияның екі түрі бар.
- Қауіпсіз телепортациялар
Қауіпсіз телепортация басты кейіпкерді жау роботтарынан қауіпсіз орынға ауыстырады. Әр ойында тек бірнеше қауіпсіз телепортацияға рұқсат етіледі.
- Кездейсоқ телепортациялар
Кездейсоқ телепортацияны қауіпсіз болуы немесе болмауы мүмкін кездейсоқ орынға ауысу үшін қолданыңыз. Ойын барысында кездейсоқ телепортацияны қалағаныңызша қолдана аласыз.