Ойын түрі
Басқа ойын түрін таңдау арқылы Robots ойынын әртүрлі жолдармен ойнауға болады. Бұл Robots ойынын ойнаудың қиындық деңгейін өзгертеді.
Қиындық деңгейін өзгерту үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар тармағын таңдаңыз.
Ойын бетін таңдаңыз.
-
Ойын түрі қасындағы ашылмалы мәзірден қажет опцияны таңдаңыз.
Ойын түрі
Бастапқы қауіпсіз телепортациялар
Бастапқы төмен қауіпті жау роботтары
Бастапқы жоғары қауіпті жау роботтары
Қауіпсіз телепортациялар саны келесі деңгейлерде арта ма?
nightmare
2
2
8
Иә
robots2
1
8
2
Иә, бірақ роботтар тек күту кезінде жойылған жағдайда ғана
robots with safe teleport
0
10
0
Иә, бірақ роботтар тек күту кезінде жойылған жағдайда ғана
classic robots
0
10
0
Жоқ
robots2 easy
3
8
2
Иә
Егер Қауіпсіз жүрістерді қолдану құсбелгісін қойсаңыз, ойын сіздің жүрісіңіз роботтың сізді өлтіруіне әкеп соғатын болса, қозғалуға мүмкіндік бермейді (тек аман қалудың жалғыз жолы телепортация болған жағдайды қоспағанда). Егер Өте қауіпсіз жүрістерді қолдану құсбелгісін қойсаңыз, ойын мұндай жағдайда кез келген жүрісті жасауға тыйым салады, сондықтан сіз телепортация жасауға мәжбүр боласыз. Бұл қиындық деңгейін төмендетеді. Егер ойын тым оңай болып көрінсе, бұл құсбелгілерді әрқашан алып тастай аласыз.