Wacom планшетінің трекинг режимін орнату

Планшет режимі стилустың экранда қалай бейнеленетінін анықтайды.

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Wacom планшеті деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Wacom планшеті батырмасын шертіңіз.

    Егер планшет анықталмаса, сізден Wacom планшетін қосу немесе іске қосуды сұрайды. Сымсыз планшетті қосу үшін бүйірлік панельдегі Bluetooth батырмасын шертіңіз.

  3. Планшет (немесе абсолюттік) және тачпад (немесе салыстырмалы) режимдерінің бірін таңдаңыз. Планшет режимі үшін Планшет режимін іске қосыңыз.

Абсолюттік режимде планшеттегі әрбір нүкте экрандағы нүктеге сәйкес келеді. Мысалы, экранның жоғарғы сол жақ бұрышы әрқашан планшеттегі бірдей нүктеге сәйкес келеді.

Салыстырмалы режимде, егер сіз стилусты планшеттен көтеріп, оны басқа орынға қойсаңыз, экрандағы нұсқағыш қозғалмайды. Бұл тышқанның жұмыс істеу тәсілі.