Басқа динамиктерді немесе құлаққаптарды пайдалану

Компьютеріңізбен сыртқы динамиктерді немесе құлаққаптарды пайдалануға болады. Динамиктер әдетте дөңгелек TRS (tip, ring, sleeve) істікшесі немесе USB арқылы қосылады.

Егер динамиктеріңіздің немесе құлаққаптарыңыздың TRS істікшесі болса, оны компьютердегі тиісті ұяшыққа қосыңыз. Көптеген компьютерлерде екі ұяшық болады: біреуі микрофондар үшін, екіншісі динамиктер үшін. Бұл ұяшық әдетте ашық жасыл түсті болады немесе құлаққап суретімен белгіленеді. TRS ұяшығына қосылған динамиктер немесе құлаққаптар әдетте әдепкі бойынша пайдаланылады. Олай болмаса, әдепкі құрылғыны таңдау үшін төмендегі нұсқауларды қараңыз.

Кейбір компьютерлер көлемді дыбыс үшін көп арналы шығысты қолдайды. Ол үшін әдетте түстермен белгіленген бірнеше TRS ұяшықтары пайдаланылады. Қай істікшелер қай ұяшыққа түсетініне сенімді болмасаңыз, дыбыс параметрлерінде дыбыс шығысын тексеруге болады.

Егер сізде USB динамиктері немесе құлаққаптары болса, немесе USB дыбыс картасына қосылған аналогты құлаққаптар болса, оларды кез келген USB портына қосыңыз. USB динамиктері бөлек аудио құрылғылары ретінде жұмыс істейді және әдепкі бойынша қай динамиктерді пайдалану керектігін көрсетуіңіз керек болуы мүмкін.

Әдепкі аудио шығыс құрылғысын таңдау

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Дыбыс деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Дыбыс үстіне шертіңіз.

  3. Output бөлімінде пайдаланғыңыз келетін құрылғыны таңдаңыз.

Барлық динамиктердің жұмыс істеп тұрғанын және дұрыс ұяшыққа қосылғанын тексеру үшін Test батырмасын пайдаланыңыз.