Дыбыс ойнатылып жатқанда сытыр немесе ызың естимін
Егер компьютеріңізде дыбыс ойнатылып жатқанда сытыр немесе ызың естісеңіз, аудио кабельдерде немесе байланыстыратын сызықтарда мәселе болуы мүмкін немесе дыбыстық карта драйверлерінде мәселе болуы мүмкін.
-
Динамиктердің дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Егер динамиктер толық қосылмаса немесе қате ұяшыққа қосылса, ызыңдаған дыбыс естілуі мүмкін.
-
Динамик/құлаққап кабелінің зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Аудио кабельдер мен байланыстыратын сызықтар қолдану барысында бірте-бірте тозуы мүмкін. Сытырлаған дыбыстың әлі де бар-жоғын тексеру үшін кабельді немесе құлаққапты басқа аудио құрылғыға (мысалы, MP3 ойнатқышы немесе CD ойнатқышы) қосып көріңіз. Егер ол сақталса, кабельді немесе құлаққапты ауыстыру қажет болуы мүмкін.
-
Дыбыстық драйверлердің нашар еместігін тексеріңіз.
Кейбір дыбыстық карталар Linux жүйесінде жақсы жұмыс істемейді, себебі олардың драйверлері онша жақсы емес. Бұл мәселені анықтау қиынырақ. Басқа адамдарда да осындай мәселе бар-жоғын білу үшін интернеттен дыбыстық картаңыздың өндірушісі мен моделін және «Linux» іздеу терминін жазып іздеп көріңіз.
Дыбыстық картаңыз туралы көбірек ақпарат алу үшін lspci командасын пайдалануға болады.