Қолданбаларды жүйеге кірген кезде автоматты түрде іске қосу
Жүйеге кірген кезде компьютеріңіз кейбір қолданбаларды автоматты түрде іске қосады және оларды фонда орындайды. Бұл әдетте жұмыс үстелі сеансының біркелкі жұмыс істеуіне көмектесетін маңызды бағдарламалар.
Жүйеге кірген кезде автоматты түрде іске қосылатын бағдарламалар тізіміне веб-браузерлер немесе түзеткіштер сияқты жиі пайдаланатын басқа қолданбаларды қосу үшін Түзетулер қолданбасын пайдалана аласыз.
Бұл параметрді өзгерту үшін компьютеріңізде Tweaks орнатылған болуы керек.
Қолданбаны жүйеге кірген кезде автоматты түрде іске қосу үшін:
Әрекеттер шолуын ашып, Tweaks деп тере бастаңыз.
Қолданбаны ашу үшін Tweaks үстінен шертіңіз.
Автоіске қосылатын қолданбалар бетін шертіңіз.
Қолжетімді қолданбалар тізімін алу үшін + батырмасын шертіңіз.
Тізімге өзіңіз таңдаған қолданбаны қосу үшін Қосу батырмасын шертіңіз.
Қолданбаның жанындағы Өшіру батырмасын шерту арқылы оны тізімнен өшіруге болады.