Secure Shell (SSH) арқылы қашықтан қол жеткізуді іске қосу
Бұл параметрді өзгерту үшін компьютеріңізде OpenSSH Server орнатылған болуы керек.
Желідегі басқа құрылғыдан Secure Shell (SSH) арқылы компьютеріңізге қашықтан кіруге рұқсат бере аласыз. Қашықтан кіруге рұқсат беру үшін Secure Shell баптаңыз.
Secure Shell баптау үшін әкімші құқықтары қажет.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Жүйе үстіне шертіңіз.
Secure Shell үстіне шертіңіз.
-
Secure Shell ауыстырып-қосқышын қосулы күйіне ауыстырыңыз. Бұл Secure Shell (SSH) арқылы осы компьютерге қашықтан қол жеткізуді іске қосады. Желіңізге қосылған адамдар компьютеріңізге кіруге әрекет жасай алады.
Компьютеріңізге желі арқылы қосылуға болатын SSH кіру командасы көрсетіледі. Бұл команда бапталған құрылғы атауын пайдаланады.