Жеке файлдарыңызбен бөлісіңіз

Желідегі басқа компьютерден Үй бумаңыздағы Ортақ бумаға қол жеткізуге рұқсат бере аласыз. Басқаларға бума мазмұнына қол жеткізуге рұқсат беру үшін Жеке файлдармен бөлісу баптаңыз.

Жеке файлдармен бөлісу көрінуі үшін gnome-user-share дестесі орнатылған болуы керек.

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Бөлісу деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Бөлісу үстіне шертіңіз.

  3. Құрылғы атауы астындағы мәтін оны түзетуге мүмкіндік берсе, компьютеріңіздің желіде көрсетілетін атауын өзгертуге болады.

  4. Файлдармен бөлісу таңдаңыз.

  5. Файлдармен бөлісу ауыстырып-қосқышын қосыңыз. Бұл қазіргі желіңіздеғы басқа адамдардың компьютеріңізге қосылуға және Ортақ бумаңыздағы файлдарға қол жеткізуге әрекет жасай алатынын білдіреді.

    Желідегі басқа компьютерлерден Ортақ бумаңызға қол жеткізуге болатын URI көрсетіледі.

Қауіпсіздік

Парольді талап ету

Басқа адамдардан Ортақ бумаңызға қол жеткізу кезінде парольді талап ету үшін Парольді талап ету ауыстырып-қосқышын қосыңыз. Бұл опцияны пайдаланбасаңыз, кез келген адам Ортақ бумаңызды көруге әрекет жасай алады.

Бұл опция әдепкі бойынша сөндірулі, бірақ оны іске қосып, қауіпсіз пароль орнатуыңыз керек.

Желілер

Желілер бөлімінде қазіргі уақытта қосылған желілер көрсетіледі. Жеке файлдарыңыз қай жерде бөлісілетінін таңдау үшін әрқайсысының жанындағы ауыстырып-қосқышты пайдаланыңыз.