Қоқыс шелегін және уақытша файлдарды тазалау
Қоқыс шелегі мен уақытша файлдарды тазалау компьютерден қажетсіз және керек емес файлдарды өшіреді, сонымен қатар қатты дискіде көбірек орын босатады. Сіз қоқыс шелегін қолмен босатып, уақытша файлдарды өзіңіз тазалай аласыз, бірақ компьютерді мұны автоматты түрде орындайтындай баптай аласыз.
Уақытша файлдар - бұл қолданбалар тарапынан фонда автоматты түрде жасалатын файлдар. Олар жүктелген немесе есептелген деректердің көшірмесін ұсыну арқылы өнімділікті арттыра алады.
Қоқыс шелегін автоматты түрде босату және уақытша файлдарды тазалау
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Жекелік және қауіпсіздік деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жекелік және қауіпсіздік таңдаңыз. Бұл Жекелік және қауіпсіздік панелін ашады.
Панельді ашу үшін Файлдар тарихы және қоқыс шелегі үстінен шертіңіз.
Қоқыс шелегі мазмұнын автоматты түрде өшіру немесе Уақытша файлдарды автоматты түрде өшіру опцияларының бірін немесе екеуін де іске қосыңыз.
Автоматты түрде өшіру кезеңі мәнін өзгерту арқылы Қоқыс шелегі мен Уақытша файлдардың қаншалықты жиі тазаланатынын орнатыңыз.
Бұл әрекеттерді дереу орындау үшін Қоқыс шелегін босату… немесе Уақытша файлдарды өшіру… батырмаларын пайдаланыңыз.
Файлдарды қоқыс шелегіне салмай-ақ, біржола және дереу өшіруге болады. Ақпарат алу үшін Файлды біржола өшіру қараңыз.