Файлдар мен бумаларды өшіру

Егер сізге файл немесе бума бұдан былай қажет болмаса, оны өшіре аласыз. Элементті өшірген кезде ол Қоқыс шелегіне жылжытылады, онда ол қоқыс шелегін босатқанша сақталады. Егер олар қажет деп шешсеңіз немесе олар кездейсоқ өшірілсе, Қоқыс шелегіндегі элементтерді бастапқы орнына қалпына келтіре аласыз.

Файлды қоқыс шелегіне жіберу үшін:

  1. Қоқыс шелегіне салғыңыз келетін элементті бір рет шерту арқылы таңдаңыз.

  2. Пернетақтада Delete басыңыз. Немесе элементті бүйірлік панельдегі Қоқыс шелегіне сүйреңіз.

Файл қоқыс шелегіне жылжытылады және сізге өшіруді Болдырмау опциясы ұсынылады. Болдырмау батырмасы бірнеше секундқа пайда болады. Егер Болдырмау таңдасаңыз, файл бастапқы орнына қалпына келтіріледі.

Файлдарды біржола өшіру және компьютердегі диск орнын босату үшін қоқыс шелегін босату керек. Қоқыс шелегін босату үшін бүйірлік панельдегі Қоқыс шелегін оң жақ батырмамен шертіп, Қоқыс шелегін босату таңдаңыз.

Файлды біржола өшіру

Файлды алдымен қоқыс шелегіне жібермей-ақ, бірден біржола өшіре аласыз.

Файлды біржола өшіру үшін:

  1. Өшіргіңіз келетін элементті таңдаңыз.

  2. Пернетақтада Shift пернесін басып тұрып, Delete пернесін басыңыз.

  3. Бұл әрекетті болдырмау мүмкін болмағандықтан, сізден файлды немесе буманы өшіргіңіз келетінін растау сұралады.

Алынатын құрылғыдағы өшірілген файлдар Windows немесе Mac OS сияқты басқа операциялық жүйелерде көрінбеуі мүмкін. Файлдар әлі де сонда болады және құрылғыны компьютерге қайта қосқан кезде қолжетімді болады.