Файлға басып шығару

Құжатты принтерге басуға жіберудің орнына оны файлға басып шығаруды таңдауға болады. Файлға басып шығару құжатты қамтитын PDF, PostScript немесе SVG файлын жасайды. Бұл құжатты басқа компьютерге тасымалдау немесе біреумен бөлісу қажет болғанда пайдалы болуы мүмкін.

Файлға басып шығару үшін:

  1. Ctrl+P пернелерін басу арқылы басып шығару сұхбат терезесін ашыңыз.

  2. Жалпы бетінде Файлға басып шығару таңдаңыз.

  3. Әдепкі файл атын және файл сақталатын орынды өзгерту үшін принтерді таңдау астындағы файл атын шертіңіз. Таңдауды аяқтаған соң Таңдау немесе Сақтау батырмасын шертіңіз.

  4. Құжат үшін әдепкі файл түрі - PDF. Егер басқа Шығыс пішімі қолданғыңыз келсе, PostScript немесе SVG таңдаңыз.

  5. Басқа бет қалауларын таңдаңыз.

  6. Файлды сақтау үшін Басып шығару батырмасын басыңыз.