Конверттерді басып шығару

Көптеген принтерлер конвертке тікелей басып шығаруға мүмкіндік береді. Бұл, мысалы, жіберетін хаттарыңыз көп болған жағдайда өте ыңғайлы.

Конверттерге басып шығару

Конвертке басып шығару кезінде екі нәрсені тексеру қажет.

Біріншісі — принтердің конверт өлшемін білуі. Басып шығару сұхбат терезесін ашу үшін Ctrl+P пернелерін басыңыз, Бет баптаулары бетіне өтіп, мүмкін болса Қағаз түрі ретінде “Envelope” мәнін таңдаңыз. Егер бұлай істей алмасаңыз, Қағаз өлшемі мәнін конверт өлшеміне (мысалы, C5) ауыстырып көріңіз. Конверттер орамында олардың өлшемі көрсетіледі; көптеген конверттер стандартты өлшемдерде болады.

Екіншіден, конверттер принтердің науасына дұрыс жағымен салынғанына көз жеткізіңіз. Ол үшін принтердің нұсқаулығын қараңыз немесе бір конвертті басып шығарып, қай жағына басылғанын көру арқылы дұрыс жағын анықтаңыз.

Кейбір принтерлер, әсіресе лазерлік принтерлер, конверттерді басып шығаруға арналмаған. Принтеріңіз конверттерді қабылдайтынын білу үшін оның нұсқаулығын тексеріңіз. Әйтпесе, конвертті салу арқылы принтерді зақымдап алуыңыз мүмкін.