Сымсыз қатынау нүктесін жасау
Компьютеріңізді сымсыз қатынау нүктесі ретінде қолдана аласыз. Бұл басқа құрылғыларға бөлек желісіз-ақ сізге қосылуға мүмкіндік береді және сымды желі немесе ұялы желі сияқты басқа интерфейс арқылы орнатқан интернет байланысын бөлісуге мүмкіндік береді.
Жоғарғы жолақтың оң жағынан жүйелік мәзірді ашыңыз.
Wi-Fi бағдаршасын таңдаңыз. Мәзірдің Wi-Fi бөлімі жайылады.
Барлық желілер батырмасын шертіңіз.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Wi-Fi қатынау нүктесін іске қосу… тармағын таңдаңыз.
Егер сіз сымсыз желіге қосылып тұрсаңыз, сол желіден ажыратуды қалайсыз ба деп сұралады. Бір сымсыз адаптер бір уақытта тек бір желіге қосыла алады немесе жасай алады. Растау үшін Іске қосу батырмасын шертіңіз.
Желі атауы (SSID) және қауіпсіздік кілті автоматты түрде жасалады. Желі атауы компьютеріңіздің атауына негізделеді. Басқа құрылғыларға сіз жасаған қатынау нүктесіне қосылу үшін осы ақпарат қажет болады.
Сондай-ақ, кірістірілген камера қолданбасы немесе QR код сканері арқылы телефондағы немесе планшеттегі QR кодты сканерлеу арқылы сымсыз желіге қосылуға болады.