Электрондық пошталарымды вирустарға тексеруім керек пе?
Вирустар — компьютеріңізге кіріп кетсе, мәселелер тудыратын бағдарламалар. Олардың компьютеріңізге түсуінің кең таралған жолы — электрондық пошта хабарламалары арқылы.
Linux жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлерге әсер ететін вирустар өте сирек кездеседі, сондықтан сізге электрондық пошта немесе басқа жолмен вирус жұғуы екіталай. Егер сіз ішінде жасырын вирусы бар хат алсаңыз, ол компьютеріңізге ешқандай әсер етпеуі мүмкін. Сондықтан, электрондық поштаңызды вирустарға тексерудің қажеті жоқ шығар.
Дегенмен, вирусты бір адамнан екіншісіне байқаусызда жіберіп алмас үшін электрондық поштаңызды вирустарға тексергіңіз келуі мүмкін. Мысалы, егер досыңыздың бірінде вирусы бар Windows компьютері болса және ол сізге вирус жұққан хат жіберсе, ал сіз сол хатты Windows компьютері бар басқа досыңызға жіберсеңіз, онда екінші досқа да вирус жұғуы мүмкін. Бұны болдырмау үшін электрондық поштаңызды тексеретін антивирустық қолданба орнатуыңызға болады, бірақ бұл екіталай және Windows пен Mac OS пайдаланатын адамдардың көбінде бәрібір өздерінің антивирустық бағдарламалық қамтамасы бар.