Маған антивирустық бағдарламалық қамтама қажет пе?

Егер сіз Windows немесе Mac OS жүйелеріне үйренген болсаңыз, сіз әрдайым жұмыс істеп тұратын антивирустық бағдарламалық қамтамаға үйренген боларсыз. Антивирустық бағдарламалық қамтама фонда жұмыс істейді, компьютеріңізге кіріп, мәселелер тудыруы мүмкін компьютерлік вирустарды үнемі тексереді.

Linux үшін антивирустық бағдарламалық қамтама бар, бірақ оны пайдаланудың қажеті жоқ шығар. Linux-қа әсер ететін вирустар әлі де өте сирек кездеседі. Кейбіреулер бұны Linux басқа операциялық жүйелер сияқты кеңінен қолданылмайтындығымен түсіндіреді, сондықтан оған ешкім вирус жазбайды. Басқалары Linux-тың табиғатынан қауіпсіз екенін және вирустар пайдалануы мүмкін қауіпсіздік мәселелері өте жылдам түзетілетінін айтады.

Қандай себеп болмасын, Linux вирустары сондай сирек кездеседі, қазіргі уақытта олар туралы алаңдаудың қажеті жоқ.

Егер сіз қосымша қауіпсіздікті қаласаңыз немесе Windows пен Mac OS пайдаланушыларымен алмасатын файлдарыңызда вирустар бар-жоғын тексергіңіз келсе, антивирустық бағдарламалық қамтаманы бәрібір орнатуыңызға болады. Бағдарламалық қамтаманы орнатушыдан қараңыз немесе желіден іздеңіз; бірнеше қолданбалар қолжетімді.