Файлдарды және бумаларды сұрыптау

Бумадағы файлдарды әртүрлі тәсілдермен сұрыптауға болады, мысалы, оларды күні немесе файл өлшемі бойынша сұрыптау арқылы. Файлдарды сұрыптаудың жалпы тәсілдерінің тізімін төмендегі Файлдарды сұрыптау тәсілдері бөлімінен қараңыз. Әдепкі сұрыптау ретін қалай өзгерту керектігі туралы ақпаратты Файлдар қолданбасындағы көрініс қалаулары бөлімінен қараңыз.

Файлдарды сұрыптау тәсілі сіз қолданып отырған бума көрінісіне байланысты. Саймандар панеліндегі тізім/тор батырмасын қолданып ағымдағы көріністі өзгертуге болады.

Тор көрінісі

Файлдарды басқа ретпен сұрыптау үшін саймандар панеліндегі көрініс опциялары батырмасын шертіп, А-Я, Я-А, Соңғы өзгертілген, Алғаш өзгертілген, Өлшемі немесе Түрі таңдаңыз.

Мысалы, А-Я таңдасаңыз, файлдар аты бойынша алфавиттік ретпен сұрыпталады. Басқа опциялар үшін Файлдарды сұрыптау тәсілдері қараңыз.

Тізім көрінісі

Файлдарды басқа ретпен сұрыптау үшін файл менеджеріндегі баған тақырыптамаларының бірін шертіңіз. Мысалы, файл түрі бойынша сұрыптау үшін Түрі шертіңіз. Кері ретпен сұрыптау үшін баған тақырыптамасын қайтадан шертіңіз.

Көбірек сұрыптау опциялары үшін саймандар панеліндегі көрініс опциялары батырмасын шертіңіз.

Тізім көрінісінде көбірек атрибуттары бар бағандарды көрсетуге және сол бағандар бойынша сұрыптауға болады. Саймандар панеліндегі көрініс опциялары батырмасын шертіп, Көрінетін бағандар… таңдаңыз және көрінуін қалайтын бағандарды таңдаңыз. Содан кейін сол бағандар бойынша сұрыптай аласыз. Қолжетімді бағандардың сипаттамаларын Файлдар тізімі бағандарының қалаулары бөлімінен қараңыз.

Файлдарды сұрыптау тәсілдері

А-Я

Файл аты бойынша алфавиттік ретпен сұрыптайды.

Я-А

Файл аты бойынша кері алфавиттік ретпен сұрыптайды.

Соңғы өзгертілген

Файлдың соңғы рет өзгертілген күні мен уақыты бойынша сұрыптайды. Жаңадан ескіге қарай сұрыптайды.

Алғаш өзгертілген

Файлдың алғаш рет өзгертілген күні мен уақыты бойынша сұрыптайды. Ескіден жаңаға қарай сұрыптайды.

Өлшемі

Файл өлшемі (қанша диск орнын алатыны) бойынша сұрыптайды. Әдепкі бойынша кішісінен үлкеніне қарай сұрыптайды.

Түрі

Файл түрі бойынша алфавиттік ретпен сұрыптайды. Бірдей түрдегі файлдар біріктіріліп, содан кейін аты бойынша сұрыпталады.