Атының соңында ~ белгісі бар файл деген не?
Атының соңында ~ белгісі бар файлдар (мысалы, example.txt~) — бұл gedit мәтіндік редакторында немесе басқа қолданбаларда түзетілген құжаттардың автоматты түрде жасалған резервтік көшірмелері. Оларды өшіру қауіпсіз, бірақ оларды компьютерде қалдырудың ешқандай зияны жоқ.
Бұл файлдар әдепкі бойынша жасырын. Егер сіз оларды көріп тұрсаңыз, бұл Жасырын файлдарды көрсету опциясын (Файлдар бүйірлік панелінің негізгі мәзірінде) таңдағаныңыз немесе Ctrl+H бассаңыз. Осы қадамдардың кез келгенін қайталау арқылы оларды қайтадан жасыруға болады.
Бұл файлдар кәдімгі жасырын файлдар сияқты қарастырылады. Жасырын файлдармен жұмыс істеу бойынша кеңестерді Файлды жасыру бөлімінен қараңыз.