Контактілерді байланыстыру және ажырату
Контактілерді байланыстыру
Жергілікті адрес кітапшасы мен желідегі тіркелгілерден дубликат контактілерді бір Контактілер жазбасына біріктіруге болады. Бұл мүмкіндік адрес кітапшасын реттелген күйде сақтауға көмектеседі, бір контакт туралы барлық мәліметтер бір жерде болады.
Контактілер тізімінің үстіндегі белгілеу батырмасын басу арқылы таңдау режимін іске қосыңыз.
Әр контактінің қасында құсбелгі ұяшығы пайда болады. Біріктіргіңіз келетін контактілердің жанындағы ұяшықтарды белгілеңіз.
Таңдалған контактілерді байланыстыру үшін Байланыстыру батырмасын басыңыз.
Контактілерді ажырату
Байланыстырылмауы тиіс контактілерді қателесіп байланыстырып қойсаңыз, оларды ажыратуыңызға болады.
Контактілер тізімінен ажыратқыңыз келетін контактіні таңдаңыз.
Контактілер қолданбасының жоғарғы оң жақ бұрышындағы
басыңыз.
Жазбаны контактіден ажырату үшін Ажырату батырмасын басыңыз.