Түстерді басқарудың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қалай тексеруге болады?
Түс профилінің әсері кейде білінбейді және бірдеңе өзгергенін байқау қиын болуы мүмкін.
Жүйеде профильдердің іске асырылып жатқанын анық көрсететін тексеруге арналған бірнеше профиль бар:
- Көк
Бұл экранды көк түске бояйды және калибрлеу қисықтарының дисплейге жіберіліп жатқанын тексереді.
Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.
Баптаулар үстінен шертіңіз.
Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Түс үстінен шертіңіз.
Профиль қосқыңыз келетін құрылғыны таңдаңыз. Қазіргі уақытта қай профиль пайдаланылып жатқанын жазып алғыңыз келуі мүмкін.
Тізімнің төменгі жағында болуы тиіс тесттік профильді таңдау үшін Профильді қосу батырмасын шертіңіз.
Таңдауды растау үшін Қосу батырмасын басыңыз.
Алдыңғы профильге қайта оралу үшін Түс панелінен құрылғыны таңдаңыз, содан кейін тесттік профильдердің бірін қолданбас бұрын пайдаланған профильді таңдап, оны қайта пайдалану үшін Іске қосу батырмасын басыңыз.
Осы профильдерді пайдалана отырып, қолданбаның түстерді басқаруды қолдайтынын анық көре аласыз.