Сканерді қалай калибрлеуге болады?

Егер сканерлеу кезінде түстердің дәл көрсетілгенін қаласаңыз, оны калибрлеу керек.

  1. Сканердің компьютерге кабель арқылы немесе желі арқылы қосылғанына көз жеткізіңіз.

  2. Калибрлеу нысанын сканерлеп, оны сығылмаған TIFF файлы ретінде сақтаңыз.

  3. Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.

  4. Баптаулар үстінен шертіңіз.

  5. Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Түс үстінен шертіңіз.

  6. Сканеріңізді таңдаңыз.

  7. Калибрлеуді бастау үшін Калибрлеу… батырмасын басыңыз.

Сканер құрылғылары уақыт пен температураға өте төзімді, сондықтан әдетте қайта калибрлеуді қажет етпейді.