Уақыт белдеуін өзгерту

  1. Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.

  3. Панельді ашу үшін Күн және уақыт тармағын таңдаңыз.

  4. Егер Автоматты уақыт белдеуі ауыстырып-қосқышы қосулы болса және интернет байланысы мен орналасқан жер қызметтері функциясы іске қосулы болса, уақыт белдеуі автоматты түрде жаңартылуы тиіс. Уақыт белдеуін қолмен жаңарту үшін бұны өшіріңіз.

  5. Уақыт белдеуі үстінен шертіп, ағымдағы қалаңызды іздеңіз.

Басқа орналасқан жерді таңдаған кезде уақыт автоматты түрде жаңартылады. Сондай-ақ, сағатты қолмен орнатуды қалауыңыз мүмкін.