Күн мен уақытты өзгерту
Егер жоғарғы жолақта көрсетілген күн мен уақыт қате болса немесе қате пішімде болса, оларды өзгертуге болады:
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Күн және уақыт тармағын таңдаңыз.
Егер сізде Автоматты күн және уақыт ауыстырып-қосқышы қосулы болса, интернет байланысы болған кезде күн мен уақыт автоматты түрде жаңартылуы керек. Күн мен уақытты қолмен жаңарту үшін мұны өшіріңіз.
Күн және уақыт батырмасын шертіңіз, содан кейін уақыт пен күнді реттеңіз.
Уақыттың қалай көрсетілетінін Уақыт пішімі үшін 24 сағат немесе AM/PM таңдау арқылы өзгертуге болады.
Сондай-ақ, уақыт белдеуін қолмен орнатуды қалауыңыз мүмкін.