Неліктен тіркелгі қосу керек?
Желілік тіркелгілеріңізді қосу арқылы күнтізбе, чат және электрондық пошта сияқты таңдалған сервистер жұмыс үстеліңізге келеді және сервистер ақпаратын жұмыс тәжірибеңіздің ажырамас бөлігіне айналдырады. Тіркелгілерді қосу арқылы сіз бір уақытта чаттар сияқты әртүрлі тіркелгілердің сервистерін пайдаланып, оңай байланыста бола аласыз. Желілік тіркелгілерді бір рет баптап қойсаңыз болғаны, компьютерді әр қосқан сайын барлық қосылған тіркелгілер мен сервистер пайдалануға дайын болады.
Қай бағдарламалардың қай желілік сервистерге қол жеткізе алатыны туралы ақпаратты Желілік сервистер мен бағдарламалар бөлімінен қараңыз.