Желілік сервистер мен бағдарламалар
Желілік тіркелгіні қосқаннан кейін, кез келген бағдарлама оны сіз сөндірмеген қолжетімді сервистер үшін пайдалана алады. Әртүрлі провайдерлер әртүрлі сервистерді ұсынады. Бұл бетте әртүрлі сервистер мен оларды қолданатын кейбір бағдарламалар тізімі көрсетілген.
- Күнтізбе
Күнтізбе сервисі сізге желілік күнтізбедегі оқиғаларды көруге, қосуға және түзетуге мүмкіндік береді. Оны Күнтізбе, Evolution және California сияқты бағдарламалар қолданады.
- Чат
Чат сервисі танымал жедел хабар алмасу платформаларындағы контактілеріңізбен сөйлесуге мүмкіндік береді. Оны Empathy бағдарламасы қолданады.
- Контактілер
Контактілер сервисі әртүрлі сервистердегі контактілеріңіздің жарияланған мәліметтерін көруге мүмкіндік береді. Оны Контактілер және Evolution сияқты бағдарламалар қолданады.
- Файлдар
Файлдар сервисі файлдар менеджеріндегі Серверге қосылу мүмкіндігін қолданғандай, қашықтағы файлдар орнын қосады. Сіз қашықтағы файлдарға файлдар менеджері, сондай-ақ кез келген бағдарламадағы файлды ашу және сақтау сұхбат терезелері арқылы қол жеткізе аласыз.
- Пошта
Пошта сервисі Google сияқты электрондық пошта провайдері арқылы хаттарды жіберуге және алуға мүмкіндік береді. Оны Evolution қолданады.
- Фотолар
Фотолар сервисі Facebook желісінде жариялаған суреттеріңіз сияқты желілік фотоларды көруге мүмкіндік береді. Фотоларыңызды Фотолар бағдарламасы арқылы көре аласыз.
- Принтерлер
Принтерлер сервисі кез келген бағдарламаның басып шығару сұхбат терезесінен провайдерге PDF көшірмесін жіберуге мүмкіндік береді. Провайдер басып шығару қызметтерін ұсынуы мүмкін немесе оны кейін жүктеп алып, басып шығаруға болатын PDF файлының қоймасы ретінде пайдалануы мүмкін.