Экранды дауыстап оқу
Orca экрандық оқу бағдарламасы пайдаланушы интерфейсін дауыстап оқи алады. Жүйенің орнатылу түріне байланысты, сізде Orca орнатылмаған болуы мүмкін. Орнатылмаған болса, алдымен Orca-ны орнатыңыз.
Пернетақта арқылы Orca-ны іске қосу үшін:
Super+Alt+S басыңыз.
Немесе тышқан мен пернетақта арқылы Orca-ны іске қосу үшін:
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.
Көру бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.
Экрандық оқу бағдарламасы ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.
Экрандық оқу бағдарламасын жылдам қосу және сөндіру
Жоғарғы панельдегі арнайы мүмкіндіктер таңбашасын шертіп, Экрандық оқу бағдарламасын таңдау арқылы экрандық оқу бағдарламасын қосуға және сөндіруге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Orca көмегіне жүгініңіз.