Қаржылық функциялар

Қаржылық режимде келесі батырмалар қолжетімді.

Ctrm

Инвестицияның ағымдағы құнын болашақ құнына дейін арттыру үшін қажетті күрделі пайыздар кезеңдерінің санын бекітілген пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеу.

Ddb

Активтің белгілі бір уақыт кезеңіндегі амортизациялық аударымдарын екі есе азаятын қалдық әдісімен есептеу.

Fv

Мерзім ішіндегі төлем кезеңдерінің саны бойынша мерзімді пайыздық мөлшерлемемен тең төлемдер сериясына негізделген инвестицияның болашақ құнын есептеу.

Gpm

Өнімнің өзіндік құны мен қажетті жалпы пайда маржасына негізделген өнімнің қайта сату бағасын есептеу.

Pmt

Әрбір төлем кезеңінің соңында төлемдер жасалатын несиенің мерзімді төлемінің сомасын есептеу.

Pv

Мерзім ішіндегі төлем кезеңдерінің саны бойынша мерзімді пайыздық мөлшерлемемен дисконтталған тең төлемдер сериясына негізделген инвестицияның ағымдағы құнын есептеу.

Rate

Инвестицияны болашақ құнына дейін арттыру үшін қажетті мерзімді пайызды есептеу.

Sln

Активтің бір кезеңдегі түзу сызықты амортизациясын есептеу. Амортизацияның түзу сызықты әдісі амортизацияланатын құнды активтің пайдалы қызмет мерзімі ішінде біркелкі бөледі. Пайдалы қызмет мерзімі — актив амортизацияланатын кезеңдердің саны (әдетте жылдар).

Syd

Активтің белгілі бір уақыт кезеңіндегі амортизациялық аударымдарын жылдардың сандар қосындысы әдісімен есептеу. Амортизацияның бұл әдісі амортизация жылдамдығын тездетеді, сондықтан алдыңғы кезеңдерде амортизациялық шығындар кейінгі кезеңдерге қарағанда көбірек болады. Пайдалы қызмет мерзімі — актив амортизацияланатын кезеңдердің саны (әдетте жылдар).

Term

Кәдімгі аннуитет мерзімі ішінде болашақ құнды жинақтау үшін қажетті төлем кезеңдерінің санын мерзімді пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеу.

Қаржылық функцияларды пернетақта көмегімен орындау мүмкін емес.