Тригонометрия
Тригонометриялық есептеулерді sin, cos және tan функциялары көмегімен орындауға болады.
sin 45
Пайдаланылатын бұрыш бірліктерін өзгерту үшін келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар тармағын таңдаңыз
Кеңейтілген режимде бірліктер арасында ауысу үшін Rad/Grad/Deg батырмасын пайдалануға болады
Тригонометрия батырмалары Кеңейтілген режимде көрінеді.
Гиперболалық функциялар функцияның соңына "h" әрпін қосу арқылы қолжетімді болады.
sinh 0.34
Кері функциялар ⁻¹ кері таңбасы (Ctrl+I) немесе функцияның "a" пішімі арқылы енгізіледі. Келесі екі теңдеу өзара тең.
sin⁻¹ 0.5
asin 0.5
Пернетақтамен π таңбасын енгізу үшін Ctrl+P пайдаланыңыз.