Функциялар

Функцияларды функция атауын, содан кейін функция аргументтерін енгізу арқылы пайдалануға болады. Калькулятор сонымен қатар пайдаланушы анықтаған функцияларды да қолдайды. Егер аргумент сан немесе жалғыз айнымалы болмаса, онда әрбір аргументті нүктелі үтірмен ажыратып жазыңыз және аргументтер тізімін жақшаға алыңыз.

sin 30

abs (5−9)

fun (9;10)

Жаңа функция қосу үшін функцияны төменде көрсетілген пішімде теріңіз. Функция атауы мен аргументтері тек үлкен немесе кіші латын әріптерінен немесе астын сызу таңбасынан тұруы тиіс. @ таңбасынан кейінгі бөлік — функцияның сипаттамасы, ол міндетті емес.

SimpleInterest (principal; rate; time) = principal * rate * time @ Жай пайыз формуласы

Функцияларды сонымен қатар f(x) батырмасы көмегімен қосуға және кірістіруге болады.

f(x) батырмасын шертіңіз. Өріске функция атауын теріңіз, аргументтер санын таңдаңыз және оның қасындағы плюс таңбасы бар батырманы шертіңіз. Калькулятор экранында функция өрнегін теріп, Enter пернесін басыңыз.

f(x) батырмасын шертіңіз. Функцияны таңдап, оны шертіңіз.

Келесі функциялар анықталған.

Тригонометрия

sin

Синус

cos

Косинус

tan

Тангенс

sin⁻¹ / asin

Арксинус

cos⁻¹ / acos

Арккосинус

tan⁻¹ / atan

Арктангенс

sinh

Гиперболалық синус

cosh

Гиперболалық косинус

tanh

Гиперболалық тангенс

sinh⁻¹ / asinh

Кері гиперболалық синус

cosh⁻¹ / acosh

Кері гиперболалық косинус

tanh⁻¹ / atanh

Кері гиперболалық тангенс

Кешенді

conj

Кешенді түйіндес

arg

Кешенді аргумент

re

Нақты бөлігі

im

Жорамал бөлігі

Бағдарламалау

twos

Екілік толықтыру

bswap

Байттар ретін ауыстыру

mod

Қалдықпен бөлу

modexp

Модульдік дәрежелеу

Дөңгелектеу

round

Дөңгелектеу

floor

Төмен қарай дөңгелектеу

ceil

Жоғары қарай дөңгелектеу

int

Бүтін бөлігі

frac

Бөлшек бөлігі

Статистика

sum

Қосынды

sumsq

Квадраттар қосындысы

average

Орташа мән

median

Медиана

min

Минималды мән

max

Максималды мән

stdev

Таңдамалы стандартты ауытқу

stdevp

Генералды стандартты ауытқу

var

Таңдамалы дисперсия

varp

Генералды дисперсия

Әртүрлі

log

Логарифм

ln

Натурал логарифм

sqrt

Квадрат түбір

abs

Абсолютті мән

sgn

Signum

ncr

Комбинациялар

npr

Орналастырулар

gcd

Ең үлкен ортақ бөлгіш

lcm

Ең кіші ортақ еселік

cmp

Салыстыру (Кронекер дельтасы)